KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,41 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,41 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,41 теңгені, ал сауда көлемі 195 420 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,15 теңгеге арзандап, сессия көлемі 127 420 мың долларға артты.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша да мәміле жасалған жоқ,