KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,43 теңгені, еуро бағамы - 199,40 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,43 теңгені, еуро бағамы - 199,40  теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,43 теңгені, ал сауда көлемі - 167 550 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,02 теңгеге , сессия көлемі 41 750 мың долларға қымбаттады.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сассия жабылар кезде ұсыныс бір еуро үшін 199,40 теңгені құрады.

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сассия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.