Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,81 теңгені құрады

Ы. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -146,81 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 146,81 теңгені, ал сауда көлемі 232 050 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,05 теңгеге арзандап, сессия көлемі 53 600 мың долларға артты.

Т+0 теңге есебімен және Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.