Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,27 теңгені, доллар бағамы -187,00 теңгені құрады

Ы. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,27 теңгені,  доллар бағамы -187,00 теңгені   құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,27 теңгені, ал сауда көлемі 101 550 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0, 10 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 134 850 мың долларға кеміді.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі ұсыныс бір еуро үшін 187,00 теңгені құрады.

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі баға белгіленімі болған жоқ.