KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,34 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,34 теңгені  құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,37 теңгені, ал сауда көлемі 467 010 мың долларды құрады. Кешегі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,18 теңгеге арзандап, сессия көлемі 35 640 мың долларға кеміді.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде үздік котировка да болған жоқ.

Ал Т+0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,3544 доллар/еуроны құрады, ал сауда көлемі 500 мың еуроны шамалады.