KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 147,42 теңгені құрады
АЛМАТЫ. 18 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,42 теңгені (-0,10 теңге), ал сауда көлемі - 179 150 мың долларды (+57 200 мың доллар) құрады.
Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.
Т+0 АҚШ доллар есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.