KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,46 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 10 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,46 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,46 теңгені (-0,20 теңге), ал сауда көлемі  - 57 700 мың долларды (-26 500 мың АҚШ доллар) құрады.

Т+0 есебімен еуро бойынша теңгеде мәміле жасалған жоқ, сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ

Т+0 есебімен еуро бойынша АҚШ долларында мәміле жасалған жоқ, сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.