KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,50 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,50 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,50 теңгені (-0,13 теңге), ал сауда көлемі 150 200 (56 300 мың АҚШ долларын) мың долларды құрады.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.

Ал Т+0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,3766 доллар/еуроны құрады, сессия көлемі - 650 мың еуро болды.