KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,57 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды. Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 22 мүшесі қатысты,

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,57 теңгені құрады

деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,57 теңгені, ал сауда көлемі 77 300 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,10 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 3 150 мың долларға артты.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.

Ал Т+0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,2995 доллар/еуроны құрады, сессия көлемі 2 000 мың еуро болды.