KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,66 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 9 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,66 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 23 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,66 теңгені (-0,02 теңге), ал сауда көлемі  - 84 200 мың долларды (+ 17 400 мың АҚШ доллар) құрады.

Т+0 есебімен еуро бойынша бүгінгі орташа бағамы 205,20 теңгені құрады, сауда көлемі 500 мың еуро.

Ал Т+0 есебімен еуро бойынша АҚШ долларында мәміле жасалған жоқ, сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.