KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,68 теңгені құрады

АЛМАТЫ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы -147,68 теңгені құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,68 теңгені (+0,17 теңге), ал сауда көлемі  -66 800 мың долларды (- 101 850 мың АҚШ доллар)құрады.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.

Ал Т+0 есебімен еуро бойынша бүгінгі орташа бағам 1,3961 АҚШ долларын құрады, сауда көлемі 250 мың еуро.