Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -147,67 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Ақпанның 22-cі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -147,67 теңгені   құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Дүйсенбі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,67 теңгені, ал сауда көлемі 301 490 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,10 теңгеге арзандап, сессия көлемі 236 625 мың долларға артты.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Ал Т+0 доллар есебімен еуроның орташа бағамы 1,3646 долларды, ал сауда көлемі- 200 мың еуроны құрады.