KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -147, 88 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Ақпанның 12-cі. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және АҚШ доллары (EURUSD_TOD) бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды. Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды.

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -147, 88 теңгені  құрады

Жұма күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,88 теңгені, ал сауда көлемі 113 430 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,13 теңгеге арзандап, сессия көлемі 16 370 мың долларға кеміді.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша және Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.