KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -148, 08 теңгені құрады
АҚШ-тағы Джордж Вашингтонның туған күні мерекесіне байланысты Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша және Т+0 еуро есебімен (EURUSD_TOD) доллар бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы болған жоқ. USDKZT_TOM және EURUSD_TOM санаты үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 14 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+1 есебімен 148,08 теңгені, ал сауда көлемі 19 400 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,20 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 94 030 мың долларға кеміді.
Т+0 теңге есебімен еуро бойынша және Т+0 доллар есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ.