KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -148,16 теңгені, еуро бағамы 201,30/203.00 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Ақпанның 16-cы. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен еуро және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы -148,16 теңгені,   еуро бағамы  201,30/203.00 теңгені  құрады

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды.

Сейсенбі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 148,16 теңгені, ал сауда көлемі 76 100 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,08 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі 56 700 мың долларға артты.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессия жабылар сәттегі үздік котировка - еуро үшін 201,30/203,00 теңгені құрады.

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша да мәміле жасалған жоқ. Сауда жабылар кезде котировка болған жоқ.