12:08, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы - 148,68 теңге
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
T+0 үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.
АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен валюта бірлігі үшін 148,68 теңгені, ал сауда көлемі 49 410 мың долларды құрады.
Кешегі күнгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,01 теңгеге өсіп, ал сессия көлемі 6 135 мың долларға кеміді.