Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,93 теңгені құрады

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 24-і.  ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.

KASE таңертеңгілік сессиясының қорытындысы: доллар бағамы 150,93 теңгені құрады

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 15  мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

 АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен валюта бірлігі үшін  150,93 теңгені, ал сауда көлемі  65 550  мың долларды құрады. 

Кешегі    таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, сессия көлемі  7 700  мың  долларға  артты.