KASE таңғы сессия қорытындылары

АЛМАТЫ. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында Т+ 0 (USDKZT_TOD) теңге есебімен АҚШ доллары бойынша, T+0 (EURKZT_TOD) теңге есебімен және (EURUSD_TOD) АҚШ доллары есебімен еуро бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
None
None

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бейсенбі күнгі саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 147,49 теңгені (+0,24 теңге), ал сауда көлемі -106 500 мың долларды құрады (+14 650 мың АҚШ доллары).

Т+0 есебімен еуро бойынша келісімдер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.

Т+0 АҚШ доллары есебімен келісімдер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар