«Қашаған» кеніші 2017 жылға қарай толық қуатына көшпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қашаған» кеніші 2017 жылға қарай толық қуатына көшпек. Кен алаңы іске қосылған соң бір жылда Каспий қайраңынан тәулігіне 370 мың баррель қара алтын алынатын болады, деп хабарлады . www.24.kz.
None
None

2013 жылы «Қашаған» кен алаңы мен құрлықтағы «Болашақ» мұнай дайындау зауытын жалғайтын мұнай құбырынан шыққан ақауға байланысты өндіріс тоқтаған еді. Қазір ескі құбырлар ауыстырылуда. Жоба 2016 жылдың аяғында іске қосылады деп күтілуде. Күні бүгін Каспий қайраңындағы жасанды аралдарда 20 ұңғыма қазылды. Келешекте олардың саны 40-қа жететін болады. Жоба іске қосылған алғашқы айда Қашағаннан тәулігіне 90 мың баррель мұнай алынады,- дейді мамандар.

«Одан кейінгі алғашқы 6 айда Каспий қайраңындағы мұнай өндірісі тәулігіне 180 мың баррельге жетеді. Бұл мұнаймен бірге шығаты ілеспе газды қабат қойнауына кері айдау процесі үшін керек. Ал 2017 жылдың аяғына қарай «Қашаған» кенішінен алынатын мұнай көлемін тәулігіне 370 мың баррельге жеткіземіз», - дейді. NCОCN.V. компаниясының басқарушы директоры Стефан де Майё.

Соңғы жаңалықтар