Қашаған кенішінде 21 өндіруші ұңғы бұрғыланды

«Норт Каспиан Опрейтинг Компании Б.В.» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеніште бұрғылау жұмыстары басталғалы 41 ұңғы бұрғыланды: олардың 20- бағалау, 24-і - пайдалану ұңғылары.
1999 жылдан бері Қашағанда 220 мың метр тереңдік бұрғыланды. Бір ұңғының орташа тереңдігі - 4-4,5 мың метр. Кеніште алғашқы өнеркәсіптік мұнай өндіру 2012 жылдың соңында басталады.
Қашаған кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің алғашқы кезеңінде жылына 50 млн. тонна мұнай өндіріледі. 2018-2019 жылдарға қарай екінші кезеңде - жылына 70 млн. тоннаға жеткізіледі, бұл Қазақстанның әлемнің ең ірі мұнай экспорттаушыларының қатарында алғашқы бестіктен орын алуына мүмкіндік береді. Каспий теңізіндегі Қашаған кенішінде мұнайдың болжамдық қоры кемінде 10 миллиард тонна, ал газ қоры - 1 триллион текше метрден асады.