17:19, 29 Маусым 2010 | GMT +5
Қашағанда күкіртті газдың 80 пайызы жер қабатына қайтарылады
АТЫРАУ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Қашаған теңіз кен орнында мұнаймен бірге шығарылатын ілеспе күкіртті газ қайта өңдеуден өткізілмейді.

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қашаған мұнайының құрамында күкіртті газдың салмағы өте жоғары - шамамен 15 пайызды құрайды. Бірақ бұл жоғары деңгейдегі күкіртті газ тек мұнайдың өндірілуінің алғашқы сатысында ғана өңдеуден өткізіле алады. Одан өндірілетін күкіртті Қарабатан ауылындағы жабық қоймаларда сақтау жоспарлануда.