Қашағанда мұнай қайта өндіріле бастады

АТЫРАУ. 7 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысында Қашаған кен орнында мұнай өндіру жаңартылды.
None
None

«Барлық жұмыстар республикалық және халықаралық қауіпсіздік техникасының қатаң талаптарына сай жүргізіліп жатыр. Ұңғымалар ашылды, мұнай ешбір қиындықсыз өндірілді», - деп нақтылды НКОК баспасөз қызметінен.

Еске салар болсақ, 24 қыркүйек күні таңертең газ құбырын жоспарлы тексеру кезінде D аралынан "Болашақ" зауытына баратын газдың сәл кемігені анықталған. Газдың азаюы зауыттан 2,5 шақырым жерде санитарлық қорғау аймағында орын алған. Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті болған жағдайға байланысты дереу ақпараттандырылды.

Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес зерттеу жүргізілді. Күкіртті сутектің ауаға жайылуы анықталмаған, адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық жер үсті қондырғылары мен теңіздегі кешендер күту режиміне көшірілді, мұнай өндіру уақытша тоқтатылды. Санитарлық бақылау аймағы мен одан тысқары жерлер бақылауға алынды.

Жалпы қабылданған тәжірибеге сәйкес, газ құбырының жер үстіндегі бөлігі оқшауландырылды, қауіпсіздік үшін қысым азайтылып, азотпен тазартылды. 26 қыркүйек күні кешке құбырды жабу бойынша жер жұмыстары басталды. Құбыр аймағын инспекциялау жұмысы 27 қыркүйек күні басталды. Газдың қай жерден шыққаны анықталды, жөндеу жұмыстары 28 қыркүйек күні басталды.

Соңғы жаңалықтар