14:00, 11 Қазан 2013 | GMT +5
Қашағанда мұндай өндірісі тағы тоқтатылды
АТЫРАУ. 11 қазан. ҚазАқпарат - Атырау облысы Қашаған кен орнында тағы мұнай өндіру жұмысы тоқтатылды.

9 қазан күні таңғы сағат 09:00-де Қашаған кен орнындағы Д аралының нысандарында техникалық ақау орын алғаны бүгін белгілі болды. Бұл мәліметті НКОК-тың баспасөз қызметі де растады. «Алдын алу шарасы ретінде мұнай өндірісі тоқтатылды. Ақаулықтар жойылғаннан кейін жұмыс қайта жанданады. Кешенді, әрі технологиялық жағынан күрделі нысандарды пайдалунға беру процесінде мұндай кілтипандар болып тұрады», - деді баспасөз қызметіндегілер.