Қашағанның жасанды аралдары мұз қоршауында қалды
АТЫРАУ. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Каспий теңізінің шельфінде Қашаған кен орнын зерттеу жүргізілетін болатын «D» және «А» жасанды аралдары мұз қоршауында қалды.
Қалыптасқан жағдайда ауа райының қолайсыздығы себеп болды. «НКОК»-тың мүдделі тараптарымен жұмыс жөніндегі бас менеджері Ерікжан Есенғалиев мәлім еткендей, жаңа жылдың қарсаңында ауысымы аяқталған 300-ге жуық қызметкерді жерге көшіруге мүмкін болды. Аралда қалып қойғандар үшін азық-түліктер жеткізілді.
Жасанды аралдар мұзжарғыш типіндегі кемелер үшін әлі де қолжетімсіз. Қашағанда қанша адам қалып отырғандығы және олар қашан ауыстырылатындығы туралы ақпарат әзірге жоқ.