17:10, 12 Шілде 2017 | GMT +5
Қашқын сарбаздың ісін Маңғыстау соты қарайды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - №25744 әскери бөлімінің құрамына кіретін теңіз жаяу әскері жедел қызметі бригадасының қашып кеткен сарбазы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды және 14 шілде күні ол Маңғыстау облыстық әскери сотына беріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл туралы Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры Рустам Ходжаев хабарлады. «3 маусым күні 19 жастағы Болатбек әскери бөлімнің аумағынан кетіп қалған. Теңіз жаяу әскерінің сарбазын кейіннен Жетібай ауылынан тапқан. Ол үйіне, Оралға қарай қашқан. Алайда, ол бұл аймақты білмегендіктен, басқа жаққа қарай кетіп қалған. Қашып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл істе айыпталушы да бар, ол жас Болатбекті ұрған. Ол да теңіз жаяу әскерінің сарбазы. Жұма күні істі әскери сотқа береміз», - деді Р. Ходжаев.
Сондай-ақ, сотқа видеодеректер беріледі. Өйткені Маңғыстау облысындағы әрбір әскери бөлімде 10-нан астам видеокамера орнатылған.