Кашмирде жер сілкінісі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Кашмирде болған магнитудасы 5,4 балды құрады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтының деректер орталығы.
ҚР ҰЯО ГЗИ деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, Кашмир аумағында 2026 жылғы 13 тамызда Астана уақытымен сағат 05:35–те (Гринвич уақытымен 00:35–те) жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендіктің 36,74°-ы, шығыс бойлықтың 74,21°-ы. Магнитудасы: mb=5,4. Энергетикалық класы: K=12,3. Тереңдігі: h=4 км.
Бұған дейін Колумбияда қуатты жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250 адамнан асқанын хабарладық.