Қашықтықты қысқартқан ірі темір жол жобасы іске қосылды - ФОТОРЕПОРТАЖ

Президент ауқымы бойынша бұл екі жолдың құрылысын кеңестік кезеңдегі Байкал-Амур магистралінің құрылысымен салыстыруға болатындығын атап өтті. КСРО-дағы құрылыстан ерекшелігі, қазақстандық тармақ ың-шыңсыз салынды және жақын орналасқан аймақтардың ғана емес, барлық Қазақстанның дамуы үшін стратегиялық маңызы зор.
«Бүгінде екі бірдей жаңа темір жол магистралін ашып отырмыз. Мұндай оқиға тарихымызда алғаш рет орын алуда. «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жолының жұмысы ұзақ жылдар бойы бірнеше өңірлер мен барлық республиканың тыныс-тіршілігін айқындайтын болады», - деді Н. Назарбаев.
Өз кезегінде, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Асқар Мамин теміржолшылар Мемлекет басшысының теміржол құрылысын салу тапсырмасын ерекше құлшыныспен қабылдағанын атап өтті.
«Көлік құрылысшылары ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қысқа мерзімде қыруар жұмысты қысқа мерзімде атқарып шықты», - деді А. Мамин.
Шынында да орасан жұмыс атқарылды, жүзеге асқан бұл істің мәнін тілмен айтып жеткізу қиын. Ауқымды көлік жобасын салу 2012 жылғы маусымда басталды. Құрылыс аясында 1200 шақырым жол, 46 көпір мен жол өткелі салынды, 570 су өткізу пункттері жөндеуден өтті, 4200 шақырымнан астам жерге электрмен жабдықтау желілері жүргізіліп, басқа да өндірістік инфрақұрылым нысандары құрылды.
«Тасымалдау үрдісінің техникалық операциясы 23 стансада, 33 разъезде жүзеге асырылады. Оның ішінде 6 жаңартылған стансалар - Арқалық, Шұбаркөл, Сексеуіл, Шалқар, Бейнеу бар. Инфрақұрылымдық технологиялық байланыстар озық сандық стандарттарға негізделген. Жаңа желілерді пайдалану үшін 3,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады, тұрғын үймен қамтамасыз етіліп, әлеуметтің инфрақұрылым нысандары салынады.
Жаңа теміржолдар «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-батыс» бағыттарында жүктер ағыны маршруттарын мыңдаған шақырымнан астам жолда жандандырады. Жаңа теміржолды іске қосу Азиядан Ресей бағытына және Әзербайжан, Грузия, Түркия және Оңтүстік Еуропа бағытында Каспий арқылы одан әрі Еуропаға, Түркіменстан арқылы Парсы шығанағына шығатын трансқазақстандық көлік дәлізінің транзиттік әлеуетін күрт арттырады.