Кәсіби бокс: ресейлік Р. Чахкиев колумбиялық Э. Мендосты 9 раундта есінен тандырды

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат -2008 жылғы  олимпиада чемпионы  ресейлік  Рахим Чахкиев Бүкіләлемдік бокс кеңесінің нұсқасы бойынша 90,72 келі салмақта Балтық елдері чемпионы мәртебесін қорғап қалды.

Кәсіби бокс: ресейлік Р. Чахкиев колумбиялық Э. Мендосты 9 раундта есінен тандырды

Ол өзінің кәсіби бокстағы 15 жеңіске жетті. Неміс қаласы Гамбургте болған кездесуде  29 жастағы Рахим Чахкиев 36 жастағы колумбиялық спортшы   Эпифанио Мендосты 9 раундта нокаутқа жіберді.

Ресейлік қарсыласын үш рет,  біріншісінде екінші, содан кейін тоғызыншы раундта екі рет ұрып құлатты.

Ол 15 рет жекпе-жекке шығып, бәрінде де басым түсті (12 нокаут) . Әзірге рейтинг бойынша тізімде 5 орында келеді.