Кәсіби жауынгерлік самбо бойынша Әлем чемпионатында қарағандылықтар 1 алтын, 2 күміс олжалады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде ерелер арасында өткен кәсіби жауынгерлік самбодан XXI Әлем чемпионатында үш қарағандылық полиция қызметкері жүлделі орын иеленді, деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Кәсіби жауынгерлік самбо бойынша Әлем чемпионатында қарағандылықтар 1 алтын, 2 күміс олжалады (ФОТО)

Қарағандылық полицейлер Мерей Жұбанов, Махмұд Мұхамеджанов пен Құдайберген Төлеубаев әлемнің 13 елінен спортшылар қатысқан дүбірлі жарыста өз бақтарын сынап көрді. Сайыс Дүниежүзілік жауынгерлік самбо федерациясының (WCSF) ережелері бойынша Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің Спорт сарайында өтті.

Аталмыш жарыста өз салмақ дәрежелері бойынша Мерей Жұбанов пен Махмұд Мұхамеджанов екінші орын иеленсе, Құдайберген Төлеубаев үшінші орынға лайық деп танылды.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.