17:05, 16 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында реновация бағдарламасымен жаңа қонысқа көшкен отбасымен әңгімелесті
Айта кетейік, Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық көпбейінді аурухана, Азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатқаны жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, алпысқа жуық өнеркәсіп кәсіпорнына есептелген индустриялық аймақтың негізі қаланып жатыр.
Мемлекет басшысы Ақмола облысының Зеренді ауданында аймақ шаруаларымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізді.