Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында елімізге ресми сапармен келген Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алды.

Тоқаев
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен II Абдалла бен әл-Хусейн бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды
Фото: Ақорда

Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды
Фото: Ақорда

Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды
Фото: Ақорда

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды
Фото: Ақорда

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Иордания Королі мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания Королін қарсы алды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алған еді.

Мәртебелі мейман мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары алып жүрді. 

Соңғы жаңалықтар