Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентін қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада елімізге ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті қарсы алды.

Болгария
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Румен Радев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Болгария президенті
Фото: Ақорда

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Румен Радев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Болгария президенті
Фото: Болгария

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Болгария президенті
Фото: Ақорда

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында қазақ-болгар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының перспективасы талқыланбақ.

Болгария президенті
Фото: Ақорда

Бұған дейін Kazinform тілшісі екі елді не байланыстыратынын, келешек келісім қай салаға ойысуы мүмкін екенін саралаған еді. 

Соңғы жаңалықтар