Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің басшысымен телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен, Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметі одан ары табысты болуына тілектестіктерін білдірді. 

Сонымен қатар тараптар екіжақты және сан қырлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары келіп түскен болатын.