Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

БІШКЕК. KAZINFORM -Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты
Фото: Ақорда

Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді. 

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты
Фото: Ақорда

Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады. 

Токаев
Фото: Акорда

Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты
Фото: Ақорда

Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты
Фото: Ақорда
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты
Фото: Ақорда
игры
Фото: Ақорда