Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.

Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылып жатқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді
Фото: Ақорда

Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді. Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты. 

Айта кетейік, Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясындағы Жалпы дебатта сөйлеген сөзінің толық нұсқасын жариялады.

Бұдан бұрын Президент БҰҰ-ны жаңғыртуды көздейтін батыл әрекет Қауіпсіздік кеңесін реформалаудан басталуы тиіс екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар