Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалланы елорда әуежайынан шығарып салды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 27 тамыз күні ресми сапарын аяқтаған Иордания Королі ІІ Абдалланы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан шығарып салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі ІІ Абдалланы елорда әуежайынан шығарып салды
Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшылары екі күндік сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізді.

Кездесулер қорытындысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылып, Қазақстан мен Иордания арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі басталғаны атап өтілді.

Айта кетейік, Қазақстан мен Иордания арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар