Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасын туған күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Токаев поздравил Си Цзиньпина с днем рождения
Фото: Ақорда

Президент хатта ҚХР Төрағасының Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өткен.

Токаев поздравил Си Цзиньпина с днем рождения
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының қазіргі «алтын отызжылдық» кезеңінде екіжақты ынтымақтастық жоғары қарқынын сақтай отырып, одан әрі нығая түсетініне және ықпалдастықтың жаңа бағыттарын қамтитынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы осыған дейін АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.