Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады

АСТАНА. KAZINFORM — 22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақорда
Фото: Ақорда

Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.  

Айта кетелік кеше Президент Халықаралық және Азия паралимпиада комитеттерінің басшыларын қабылдады

Соңғы жаңалықтар