18:01, 21 Тамыз 2025 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.





Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен баратыны туралы жазған едік.