Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын одан ары жалғастыруды тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM – Қоғамдық көлікті одан ары дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезегі іске асырыла бастады, деп хабарлайды Ақорда.

в
Фото: Ақорда

Атап айтқанда, «Астана-1» вокзалы, «Жағалау» шағын ауданы, Қосшы қаласы бағыты бойынша жаңа желінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 20 станциядан тұратын екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын одан ары жалғастыруды тапсырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын жүргізіп жатқан қытайлық компания өкілдері мен CTS Transportation, Astana LRT жұмысшыларына сәттілік тілеп, жобаны одан әрі жалғастыруды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын одан ары жалғастыруды тапсырды
Фото: Ақорда

- This is only the first step! – Бұл жолдың басы ғана! - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын одан ары жалғастыруды тапсырды
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын одан ары жалғастыруды тапсырды
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын одан ары жалғастыруды тапсырды
Фото: Ақорда

Айта кетейік, бүгін Президент Astana LRT жұмысын іске қосты.