Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президентін Ақордада қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйокты қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта екі ел басшылары келіссөз жүргізіп жатыр. Оның барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасы талқыланады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар