Президент «Орталық Азия — Қытай» форматының әлеуетін пайдалануды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы өңір елдерінің экономикалық ынтымақтастығын нығайту мен дамыту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қауіпсіздік мәселесімен тығыз байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Токаев призвал укрепить безопасность в формате «Центральная Азия — Китай»
Фото: Ақорда

— Транскаспий халықаралық көлік бағыты еуразиялық логистиканың стратегиялық элементіне айналып келеді. Жаһандық сауда тізбегінің трансформациясына және геосаяси қысымның күшеюіне сәйкес оның маңызы еселеп артты. Сонымен қатар жүк тасымалын ұлғайтудың белгілі бір қауіп-қатерлері бар. Әңгіме трансұлттық қылмыс, соның ішінде контрабанда, есірткі, қару-жарақ тасымалы туралы болып отыр, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Токаев призвал укрепить безопасность в формате «Центральная Азия — Китай»
Фото: Ақорда

Президент өңірлік қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру үшін «Орталық Азия — Қытай» форматының әлеуетін пайдалану қажеттігін жеткізді.

— Менің ойымша, ішкі істер министрліктері бір-бірімен ынтымақтастықты күшейтіп, қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп мәселелеріне қатысты ақпараттармен бөлісуі тиіс. Бұл халықтарымыздың арман-тілегіне толығымен сай келеді. Жұртшылық мемлекеттер басшыларынан өз елдерін тәртіпке келтіріп, қалыпты әрі қауіпсіз өмірге қолайлы жағдай жасау үшін аса шұғыл, тиімді шешімдер қабылдауды талап етіп отыр. Балаларымыз, жалпы халық ел басшыларының, ішкі істер министрлері мен басқа да ведомство жетекшілерінің заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын қабылдап жатқандарына көздері жетіп, өздерін қауіпсіз сезінуі қажет, — деді Мемлекет басшысы.

Касым-Жомарт Токаев: формат «Центральная Азия — Китай» усилит безопасность стран региона
Фото: Ақорда

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен және Орталық Азия мемлекеттерімен өзара сенім, тату көршілік, ортақ жауапкершілік негізіндегі ынтымақтастықты ілгерілетуге ерекше мән беретінін жеткізді.

Токаев призвал укрепить безопасность в формате «Центральная Азия — Китай»
Фото: Ақорда

Кездесуге қатысушылар өзара байланыстарды жолға қоюға, жедел ақпарат алмасуға, кәсіби қарым-қатынастарды дамытуға және құқық қорғау органдарының қызметіне заманауи технологияларды енгізуге ниетті екендерін растады.

Токаев призвал укрепить безопасность в формате «Центральная Азия — Китай»
Фото: Ақорда

Президент аталған жиынның Орталық Азия мен Қытай аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша серіктестік пен ықпалдастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді. 

Токаев призвал укрепить безопасность в формате «Центральная Азия — Китай»
Фото: Ақорда
Токаев призвал укрепить безопасность в формате «Центральная Азия — Китай»
Фото: Ақорда
Токаев призвал укрепить безопасность в формате «Центральная Азия — Китай»
Фото: Ақорда

Айта кетейік, бұдан бұрын Президент «Орталық Азия — Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдағанын жазған едік.