Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен бірге Түркістандағы жаңа мешітті аралады
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты, деп хабарлайды Ақорда.
Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды.
Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.
Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.
Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.
Айта кетейік, Президент ТМҰ бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістан қаласына барған болатын.
Содан соң Өзбекстан мен Қырғызстан президенті Түркістанға барғаны хабарланды.