Президент пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қала әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы «Медеу» селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде айтты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты
Фото: Ақорда

Сонымен қатар шетелдік және жергілікті альпинистер мен туристер арасында танымал бағыттар таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев қала әкімінің еліміздегі ең ірі «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты
Фото: Ақорда

Қазіргі кезде мұнда 5 аспалы жол жұмыс істеп тұр. Ал шаңғы тебуге арналған трассаның жалпы ұзындығы 25 шақырымды құрайды. Былтыр Шымбұлаққа 1,4 миллион адам келген. Мемлекеттер басшылары Алматының туристік әлеуетіне жоғары баға берді. Олардың пікірінше, әсем табиғат аясында орналасқан және дамыған инфрақұрылымы, сапалы жолы бар тау шаңғысы курорты – Орталық Азиядағы қысқы және жазғы демалысқа лайық ең тартымды орындардың бірі.

Президент пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты
Фото: Ақорда

Президенттерге Алматы тау кластерін одан әрі дамыту перспективасы туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, «Шымбұлақтың» қазіргі тау шаңғысы трассасын 56 шақырымға дейін ұзарту және жаңадан 65 шақырым инфрақұрылым салу жоспарланып отыр.

Президент пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты
Фото: Ақорда
Президент пен Шавкат Мирзиёев Алматы тау шаңғысы кластерімен танысты
Фото: Ақорда

Бұл Алматы маңайында туристік әлеуетімізді барынша танытатын әлемдік деңгейдегі біртұтас ірі кластер құруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

Соңғы жаңалықтар