Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды

БҰХАРА. KAZINFORM – Қазақстан Президентінің Өзбекстанға жұмыс сапары Бұхарадағы Бахауддин Нақышбанди кесенесіне зиярат етуден басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Фото: Ақорда

Мемлекеттер басшылары медресе, екі мешіт пен мұнарадан тұратын мемориалдық кешенді аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Фото: Ақорда

Зиярат барысында Құран оқылып, бауырлас халықтарға бейбіт өмір мен бақ-береке тілеп, дұға жасалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев мемориалдық кешенге келушілермен жылы рәуіште әңгімелесіп, суретке түсті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Фото: Ақорда

Нақышбандия тариқатының негізін салушы Бахауддиин Нақышбандидің кесенесі XVI ғасырда салынған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешеніне барды
Фото: Ақорда

Ескерткіш жанындағы музейде XIX ғасырдағы Құран қолжазбасы, тарихи құжаттар, кітаптар мен басқа да құнды жәдігерлер сақталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жұмыс сапарымен барғанын жазған едік.