Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды

БҰХАРА. KAZINFORM – Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары Бұхара облысының жаңа Ахуалдық орталығының қызметімен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Фото: Ақорда

Онда тәулік бойы өңірдегі ахуалға, соның ішінде инфрақұрылым жағдайына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, көлік жүйесіне, қауіпсіздік қызметіне және табиғи процестерге бақылау жүргізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Фото: Ақорда

Ахуалдық орталық төтенше оқиғалар кезінде шұғыл қызметтердің іс-қимылын үйлестіріп, ықтимал сын-қатерлерге тосқауыл қою үшін жағдайдың өрбуін модельдеуді жүзеге асырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарадағы Ахуалдық орталыққа барды
Фото: Ақорда

Бұған дейін Мемлекет басшысының Өзбекстанға жұмыс сапарымен барғанын жазған едік. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бахауддин Нақышбанди мемориалдық кешенін аралады

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен Бұхарада бейресми кездесу өткізді.