Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндеріне арналған концертті тамашалады

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

концерт
Фото: Ақорда

«Астана Опера» театрының сахнасында мәртебелі қонақтар мен елорда жұртшылығына Ханой филармония оркестрі, «Астана Балет» театрының симфониялық оркестрі, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының хоры, сондай-ақ қазақ және вьетнам халықтарының белгілі мәдениет қайраткерлері өнер көрсетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам концертті тамашалады
Фото: Ақорда
 Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам концертті тамашалады
Фото: Ақорда
 Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам концертті тамашалады
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам елімізге мемлекеттік сапармен келді.

Осыған дейін Қазақстан мен Вьетнам арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен мәлімдеме жасалғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар