Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті әуежайдан қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

ӨЗбекстан президентін қарсы алу
Фото: Ақорда

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін әуежайда Құрмет қарауылы ротасы сап түзеп тұрды.

қарауылы
Фото: Ақорда

Сапар аясында жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Өзбекстан президенті
Фото: Ақорда

Орталық Азияның ықпалды мемлекеттері қатарында Қазақстан мен Өзбекстанның аты жиі айтылады. Қос ел саяси сабақтастықтан бөлек, сауда-экономикалық серіктестікті басты басым бағытқа айналдырып үлгерді.

Қарсы алу
Фото: Ақорда

7-8 тамыз күндері түстіктегі көрші ел басшысы Шавкат Мирзиёев Қазақстанға ресми сапары өтеді. Бұл мемлекеттік сапарда көптеген маңызды келісімдерге қадам жасалуы мүмкін.

Осы тұста Kazinform тілшісі екі елдің ынтымақтастығы мен сауда қарым-қатынастары жөнінде шолу жасаған еді.

Соңғы жаңалықтар