Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандықты айыптады

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалуына байланысты бұл террорлық әрекетті қатаң айыптайтынын және мұндай қараулықты мүлде ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Словакияны ұзақ жылғы достық пен өзара тиімді ынтымақтастық қатынастар байланыстырады. Бұл игілікті істе Премьер-министр Роберт Фицо елеулі рөл атқарды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Фицоның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Осыған дейін Словакия премьер-министріне қастандық жасалғанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар