Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды Астанаға шақырды
АСТАНА. KAZINFORM – 13-14 мамыр күндері Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен мемлекеттік сапармен Астанаға келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылайды. Сонымен қатар Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы өтеді.
15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевке құттықтау жеделхатын жолдағанын жазған едік.